» » «Қайсар» жанкүйерлерін Астанаға алып барады

«Қайсар» жанкүйерлерін Астанаға алып барады

 «Қайсар» футбол клубының басшылығы команданың 31 наурызда елордада «Астанамен» өтетін кездесуіне қызылордалық жанкүйерлерді алып баруға арнайы автобус бөлетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жергілікті жанкүйерлер жолға 30 наурыз күні таңертең шығады. Олар мың шақырымнан астам қашықтықта орын тепкен Астана қаласына келесі күні жетеді деп күтілуде.
Команда басшылығы жанкүйерлерді «Астана Арена» стадионына тегін кіргізуге жағдай жасайды. Айта кетелік, бұл кездесу 31 наурызда Астана уақытымен сағат 16.00-де басталады», деп хабарлады команданың баспасөз қызметі. Алғашқы екі турда «Астана» өз алаңында Оралдың «Ақжайығын» 3:0 есебімен тізе бүктірсе, сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісу» клубын 2:0 есебімен жеңді. Турнир кестесінде олар 6 ұпаймен көш басында келеді.
Ал «Қайсар» алғашқы 2 турда өз алаңында Ақтөбенің «Ақтөбесінен» 0:1 есебімен жеңіліп, Оралдың «Ақжайығымен» 1:1 есебімен тең ойнап, небәрі 1 ұпайға қол жеткізді. Қазір турнир кестесінде сегізінші орында тұр.  «Қайсар» былтырғы біріншілікте де Алматы, Тараз, Шымкент және Ақтөбе қалаларында өткен ойындарына өз жанкүйерлерін алып барды. Сол үрдісті биыл да жалғастыруды көздеп отыр.
29 наурыз 2018 ж. 926 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930