Қар әлі де жауады: Синоптиктер сәуір айының алғашқы күндеріне болжам жасады
«Казгидромет» РМК 31 наурыз-2 сәуір күндері аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Солтүстік және шығыс облыстарда циклонның ығысуына байланысты жауын-шашын болады, көбіне қар жауады. Кей жерлерде боран соғып, желдің жылдамдығы 18-25 м/с-қа артады. Қазақстанның батыс облыстарына Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аудандарынан антициклон жылжып келеді. Соған байланысты ауа температурасы жоғарылап, күн жауын-шашынсыз болады.