» » » Синоптиктер 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер дүйсенбі, 19 ақпанда елімізде ауа райының қандай болатынын айтты. Мамандардың хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерде қар жауады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады. "Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с болады, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарында тұман, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді", - деп ескертті метеорологтар. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болып, жел күшейеді, екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

19 ақпан 2018 ж. 931 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031