Димаш әлемдік байқауда қазылық етеді
Димаш Құдайберген Беларусь елінде өтетін «Славян базары» байқауының қазылар алқасының құрамына енеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі әншінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
Әнші өзінің жанкүйерлерін жақсы жаңалықпен қуантып тастады. Ол «Славян базары» байқауында әділқазы мүшесі болатынын әлеуметтік желі парақшасына жазды.
«Мен Беларусь елінде «Славян базарын» жеңген кезде өзімді алғаш рет танымал жас әртіс сезіндім. Осы байқауды және менің үлкен сахнаға шығып өнер көрсетуіме, өз елімнің мәдениетін дәріптеуге мүмкіндік берген елді жақсы көрем. Биыл мен бұл байқаудың әділқазы мүшесі боламын. Кездескенше, Беларусь! See you in July», - деп жазды ол.