"Қайсар" қолдаушылары аязда қалып қойды
Қызылордалық "Қайсардың" жанкүйерлері Астанаға барар жолда 7 сағат аяз астында қалып қойды. Күн райының қолайсыздығынан Қарағандыға қарасты Атасу елді мекенінде жол жабылып, жанкүйерлер күре жол бойында күтуге мәжбүр болды. Дегенмен, таңғы 8 шамасында жол қайта ашылып, автобус Астана бағытына қайта жүрген.
Айта кетейік, бүгін "Қайсар" командасы түзде "Астанамен" ойнайды.