» » Қазақстандағы жұмыссыздық: Қай өңір мәселелі аймаққа жатады

Қазақстандағы жұмыссыздық: Қай өңір мәселелі аймаққа жатады

   Жұмыссыздықтың ең көп өсуі Астана қаласында тіркелді. Ал жұмыссыздыққа қарсы күрестің ең жақсы көрсеткіші бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Бұл туралы energyprom.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
2017 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның 16 аймағындағы жұмыссыздық деңгейі жеті пайызға төмендеген.
Қарағанды облысында жұмыссыздықпен күресудің ең жақсы көрсеткіштері байқалды. 2017 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша бір жыл ішінде жұмыссыздар саны 7 пайызға, яғни 32,2 мың адамға дейін қысқарды.
Сондай-ақ, Қазақстанда жұмыссыздықпен күресуде жақсы нәтиже көрсеткендердің қаратына Қостанай облысы да кіреді. Бұл аймақта жұмыссыздар саны 5% -ға, 24,5 мың адамға дейін азайды. Ал үздік үштікке кірген Ақмола облысында жұмыссыздар саны- 2,8%-ға төмендеген, ол 20,6 мың адам.
Сонымен бірге жұмыс табу ең үлкен қиындыққа айналған қала Астана. Елордада жұмыссыздар саны 6,8% -ға, яғни 23,8 мың адамға дейін өсті.
Жалпы, Қазақстанда жұмыссыздар саны бір жыл ішінде 0,4% -ға төмендеді. 2017 жылдың басынан бері жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде қалып отыр.
27 сәуір 2018 ж. 1 064 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930