Қазақстанда доллар мен рубль теңесті
Қазақстан қор биржасының (KASE) валюталық операцияларға қатысты жариялаған статистикалық мәліметтеріне сүйенетін болсақ, ақпан айында айырбастау пунктеріндегі ресейлік рубль сатылымы америкалық доллармен біршама теңескен. Дәлірек айтатын болсақ, ақпан айында айырбастау пунктерінің долларды сатып алу деңгейі 68,7 млрд теңгеге дейін төмендеген. Ал, қаңтар айында бұл көрсеткіш 108 млрд теңгеге жуық болған.
Ресей рубліне келетін болсақ, ақпан айында айырбастау пунктері 60 млрд теңгеге рубль сатқан. Әрине, бұл валюта нарығы сегментінің көлемімен салыстыруға келмейді, әйтседе күтпеген жағдай.
Елімізде рубль сатылымы көлемі бойынша еуроны баяғыда басып озды, алайда доллардың сатылымына соншалықты жақындаған емес. Бұл құбылыстың нақты себебі анықталмаған, алайда бір реттік фактордың әсері болуы да ғажап емес.