» » Алматы облысының тұрғыны белгісіз тіршілік иесінің қаңқасын тауып алды

Алматы облысының тұрғыны белгісіз тіршілік иесінің қаңқасын тауып алды

   Алматы облысындағы Сарқан ауданына қарасты Бақалы ауылының тұрғыны белгісіз тіршілік иесінің қаңқасын тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біздің ауыл тұрғыны үйдегі еденнің астынан белгісіз тіршілік иесінің қаңқасын тауып алыпты. Біз барып, көзімізбен көрдік. Қаңқаның жалпы пошымы  динозаврға ұқсайды екен, бірақ өте кішкентай. Өзіміз де таңқалып отырмыз. Әзірге мұндай қаңқаның тек біреуі ғана табылыпты», - дейді  ҚазАқпарат тілшісімен телефон арқылы сөйлесіп, аталған жаңалығымен бөліскен Бақалы ауылының тұрғыны  Әлібек Ерланұлы.
Қазір бұл суреттер әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көпшіліктің қызығушылығын тудыруда. Пікір қалдырушылардың басым бөлігі табылған қаңқаны ғалымдар зерттеуге алса деген ойларымен бөлісуде.
07 сәуір 2018 ж. 879 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031