» » ХАЙП – ЕСКЕКСІЗ ҚАЙЫҚ

ХАЙП – ЕСКЕКСІЗ ҚАЙЫҚ

   Біреудің қаңсығын таңсық көретін мінез жастарға тағы бір жаман әдетті жұқтырып үлгерді. Ол қазіргі буын арасында кең таралып бара жатқан «хайп» термині.  Бұрынғылар «тауықсыз да таң атқан» деуші еді, бірақ қазіргілер тірлішігін хайпсыз елестете алмайтын сияқты. Жалпы, хайп деген не? Осы бір оспадарсыз жолмен жұлдыз болудың ақыры қайда апарады?     
Американдық БАҚ-тың  жұмыс істеу әдісі осы хайп болып есептеледі. Бастапқыда бұл термин АҚШ-та 1920 жылдары кеңінен қолданылған. Түпкі мағынасы тері астындағы ине деген мағынаны береді екен. Демек, түп-төркіні нашақорлықпен тығыз байланысты.  Қазір бұл сөзді көпшілік өзіне жарнама жасауға пайдаланады. «Атың шықпаса жер өртенің» кері. Біздің елде дәл осы жолды таңдап танымал болғысы келетіндер көп-ақ. Танымалдығын арттыру үшін жұлдыздар жұдырыққа жүгініп, желіде оқырман санын көбейту үшін түрлі амалға барып жатыр. Бұл да хайп!
 Жылдар бойы жасырып келген жарларын жалпақ жұртқа жариялағандар да осы қатарда. Өзінің кешінде Роднюха деп шулатқан Төрештің қылығын хайп деп танып жатқандар да аз емес. Осы жайында айтыскер ақын Ринат Зайытов «Арзан атақ қуғандар жаһандануға ғана емес, мәңгүрттенуге атсалысып жүр және ұрпақ алдында үлкен қылмыс жасап жүр» дейді.
       Түйін: Халқымыздың ұл-қыздары – ұлы даланың жұлдыздары болғанға не жетсін? Әйтпесе, хайп ескексіз қайық сияқты қайда апарары белгісіз.
Ерхан АҚЫН
29 наурыз 2018 ж. 3 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031