» » Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

   Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, тек батыста және оңтүстіктің кей жерінде ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болып, оңтүстікте найзағай ойнайды.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің күші 15-20, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с жетеді.
Қызылорда облысында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз найзағай, бұршақ болуы мүмкін, күндіз кей жерлерде жел15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.


10 сәуір 2018 ж. 770 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031