» » Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, көктайғақ болады

 Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с дейін жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің екпіні таңертең және күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады. күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.

21 наурыз 2018 ж. 1 004 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031