Міне, қызық

    Темірдей төзімді талап ететін, дүниедегі қызықтың бәрін тәрк етуді қалайтын осынау бір азапты жанкешуді кімнің қалай бастан кешкеніне көшейік.
Герберт Спенсер күніне тура 2 сағат (дәлме дәл) жұмыс істеген. Межелі минут біткенде орынан тұрған. Кей кездері сөйлемі аяқталмай қалады екен. Лейбниц «Еркектерді» жазғанда 3 күн, 3 түн ұйықтамапты. Метерлинк таңсәріде тұрып күн сайын 3 сағат жазумен айналысқан. Бұл оның өмір заңына айналған «жұмыс машығы» екен. Егер ештеңе жазылмаса, онда өзін-өзі жазалап, 3 сағат бойы орнынан қозғалмай қояды екен.
Әйел қаламгер Жарж Санд түнгі 11-ге дейін жазуды тәртіпке айналдырыпты. Сағат кешкі 10.30-да кезекті романы бітсе, сағат 11-ге дейін жаңа романын бастап жібереді екен. Флобер «Иродиаданы» жазғанда бір тауды (екі сөзден тұратын) суреттеу үшін ориентолог досына хат жолдап жауап келгенше жұмысын тоқтатып қойыпты. Сөзбен-сөздің, сөйлеммен-сөйлемнің арасына үтір, нүкте қоймау Аполлинерден басталады. Оған себепші болған кәдімгі корректор екен. Оның өз өлеңдеріне қойған тыныс белгілерін корректорлар мен редакторлар ұнатпаған. Соған намыстанған Аполлинер ешқандай еміле белгісін қоймаған. Бұл заманынан асып туған «авангардтық» ретінде бағаланып, кейінгілері «үлгі» (мода) болған. Әдебиеттегі «авангардизм» деген бағыт осылай қалыптасқан.
28 сәуір 2018 ж. 985 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031