Kitaps Club ашылды

   Қаламызда жаңадан бой көтерген Kitaps Club оқырмандар клубы ізденімпаз жастардың сүйікті орнына айналғаны сөзсіз. Мұнда жұмыс күндері бармасаңыз, демалыс күндері ине-шаншар орын қалмайды. Қазіргі жастардың ұялы телефонда телміріп отырған заманында бұл клубтың қоғамға деген пайдасы зор. Сізге мұнда жаңа достар табылады, сапалы қызмет көрсетіледі, бұдан бөлек уақытыңызды тиімді пайдалануға көмектеседі.
Клуб қорында қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазылған кітаптар бар, сонымен бірге ертегілер, қазақ әдебиеті, әлем әдебиеті, тарих, бизнес, мотивация, детектив секілді түрлі жанрдағы кітапты таба аласыз. Сатып алуға мүмкіндігіңіз жетпесе, оқу залында оқи аласыз немесе ұнатқан кітабыңызды жалға алуға болады. Бұл орталықта зағип жандарға да мүмкіндік қарастырылған. Олар арнайы аудиокітап тыңдай алады.
Бұл орталықта кітап оқумен қоса достарыңызбен «Clash flow», «Мафия» секілді ойындар ойнап, уақытты қызықты өткізе аласыз. Бұдан бөлек, кәсіпкерлік кездесуге арналған «Networking» бөлімі және ағылшынша, түрікше, орысша тілдерін тез меңгеруге жәрдемдесетін клуб бар.
Оқырмандар клубының ұйымдастырушылары бір-бірімен кітап алмасып оқуға мүмкіндік беретін «кітап алмасу» шарасын және белгілі бір кітапты оқып, талдайтын «сөйлесу клубын» ашуды жоспарлауда.
Бекзат АМАНОВ
12 сәуір 2018 ж. 1 082 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930