» » Фейкке жол жоқ

Фейкке жол жоқ

   Компания фейк аккаунттармен күресті күшейтетіндерін айтты. Енді жалған екені дәлелденген аккаунттар автоматты түрде өшірілетін болады. Мұнымен қатар, Facebook компаниясы АҚШ сенатының барлау бойынша комитетіне 25 қаңтар күні көрсеткен құжаттарында тіркеу процесі кезінде миллиондаған аккаунттарды бұғаттап отыратынын дәлелдеді. Яғни аккаунт ашуда келтірілген ақпараттар шындыққа жанаспайтын болса, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Facebook жалған аккаунттармен күрес жүргізу үшін әрдайым белгілі бір шаралар қолданып отыратынын мәлімдеді. Айтуларынша, мұндай аккаунттардың тарауы компания саясатына қарама-қайшы.
«Күн сайын тіркелу кезінде миллиондаған аккаунтты бұғаттап отырамыз. Жетістіктеріміздің арқасында Франциядағы сайлауға қатысы бар деген 30 мың аккаунтты жойдық», – делінген түсініктемесінде.
Ал Twitter компаниясы өз кезегінде күн сайын 450 мың аккаунтты бұғаттайтынын айтты.
Естеріңізде болса, Әлеуметтік желіде лентаға өзгеріс енгізілетіні айтылғаннан кейін Facebook акциялары арзандады. Осы өзгерістің салдарынан Марк Цукерберг 2,9 млрд долларынан айырылды.
17 сәуір 2018 ж. 732 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031