» » Өскеменде жер қақ жарылды

Өскеменде жер қақ жарылды

 Шығыс Қазақстанда диханшылар қарсы бетте қалған өздерінің егістік алқаптарына жете алмай, өтейін десе өте алмай жатыр. Суреттен көргендеріңіздей, қара жер қақ айырылып, терең жыра пайда болды. Жер қыртысын екіге жарған қауіпті сызықтың ұзындығы үш шақырымға дейін жетеді. Ал, тереңдігі бес метрге дейін. Оқиға орны Катонқарағайға жету қиындау болғандықтан, диханшылармен телефон арқылы байланысқа шығып көрдік.
АНАТОЛИЙ МАТАСОВ, шаруа иесі:    
– Негізгі жұмысым егістік алқабына баратын жол. Әрине жұмысыма кедергі келтіреді. Тіпті техникаларым ертең абайсызда бес метр тереңдіктегі шұңқырға түсіп кетіп жатса қайтемін? Жұмысыма кедергі келтіреді  деп отырғанда кім маған істеп береді? Қазір тракторларды алып келіп, жырылған жерлерді жауып жатырмыз.
Қара жердің қақ айырылуына көктемгі еріген қар суы себеп болған екен. Мөлшерінен артық жауған жаңбыр да ағын судың екпінін үдеткен. Соның салдарынан «Жас қанат» шаруа қожалығына барар жолды жырып, үлкен жыраға айналдырып жіберген. Қазір несібесін жерден терген кәсіп иесі шұңқырды қайта көміп, барар жолын жасап әлек. Ал әкімдіктегілер болса жағдай толық бақылауымызда, мемлекет тарапынан ешқандай көмектің қажеті жоқ, -  дейді.
ЖАНБОЛАТ ТЫНЫБЕКОВ, Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары:
– Жоқ қарастырылмаған. Ондай қажеттілігі жоқ. Ол өзі көмек сұрап отырған жоқ. 49 жылға өзі алған жерді. Сол кісінің меншігінде. Сол өз еңбегімен, өз күшімен жөндеп жұмыс жасап жатыр. Барып жағдайларын біліп қайттық. Өз күшімен бәрін жасап алам деп жатыр.
17 сәуір 2018 ж. 1 836 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031