» » «Қазақтың Мессиі» жарақат алып қалды

«Қазақтың Мессиі» жарақат алып қалды

  «Уфа» футбол клубының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет жарақат алып қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Bashinform.ru сайтына сілтеме жасап.

Бірақ қазақстандық футболшының қайда, қалай жарақат алғаны туралы мәлімет жоқ. Сондай-ақ «Қазақтың Мессиі» атанған Еркебұлан Сейдахметтің қашан алаңға шығатынын белгісіз.
Айта кетейік, Еркебұлан «Уфа» мен мәскеулік «ЦСКА» командалары арасында өткен ойынға (1:1) қатыспаған.
Қазақ футболшысы Ресей премьер лигасында 2 ойында жасыл алаңға шықты. Нақтырақ айтсақ, жерлесіміз «Анжиға» қарсы ойынның 46-минутында командасына 2 гол салуға көмектескен. Қорытынды есеп 3:2, уфалық клубтың пайдасында. Ал екінші рет алаңға Еркебұлан ресейлік «Арсенал» клубына қарсы матчта шыққан. Ол ойынның 81-минутында басқа футболшыны ауыстырған.
Ал мәскеулік «Динамо» (1:1), «Краснодар» (1:0) және «Зенит» (1:2) командаларына қарсы ойындарда отандасымыз қосалқы құрамда отырған.
Еске сала кетейік, 22 сәуірде «Уфа» клубы мәскеулік «Локомотив» командасына қарсы ойнайды.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

18 сәуір 2018 ж. 1 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031