Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы
Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес мекеменің сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің теолог мамандарының ұйымдастыруымен мекемедегі жаза мерзімін өтеуші азаматтарға «Ұлттық тәрбиенің негізі-ұлттық сананы арттыру» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Шарада сөз алған Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасының ақпаратттық түсіндіру тобының мүшесі Б.М. Байментайұлы ұлттық тәрбиенің негізі жөнінде, ер азаматтардың қоғамдағы рөлі, ерге тән мінезі мен қадір –қасиеттері жайлы, сондай-ақ отан алдындағы, отбасы алдындағы міндеттері жайлы жан-жақты түсіндіріп өтті. Жаза мерзімін өтеуші азаматтарға ой салған астарлы әңгіме Қызылорда облыстық филормониясының жырауы Б.М.Құрманбекұлының ерлерге арналған жыр, термелерімен жалғасын тапты.
ЗК-169/5 мекемесінің
САТЖЖ бөлімінің теологиялық
оңалту тобының инспекторы
әділет кіші лейтенанты
Ж.Ілияс