» » Мағынасы кең маңызды шара

Мағынасы кең маңызды шара

    Өзіне – өзі қол салу  әрекеті  дегеніміз-  адамдардың саналы түрде өз өмірін қандай да бір жолдармен қиюға бағытталған соңы өлімге әкеліп соқтыратын  күрделі  мәселелердің  бірі. Суицидке  адамдар көбінесе  қатты қажып, шарасыздықтан шаршап, қиын бір жағдайда шешімін таба алмай тығырыққа тірелгенде немесе  отбасы  мүшелерімен түсініспеушілік орын   алған жағдайда барады. Ал өмір сүрудің маңызы мен  қиындықтарды жеңе  білу жолында айналаңдағы адамдардың сондай-ақ психолог мамандардың атқаратын  қызметі маңызды. Осы  орайда, Қызылорда облысы  ҚАЖ  департаменті  ЗК-169/5  мекемесінің  Сотталғандар  арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің психолог мамандарының  ұйымдастыруымен  мекемедегі жаза мерзімін өтеуші азаматтарға «Өз-өзіне  қол жұмсаудың алдын-алу жолдары»  тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.  Өмірде шалыс қадам басып, қасақана немесе  жазатайым жағдайда қылмыс жасап темір торға тоғытылған азаматтардың өмірден түңілмей, әрі қарай өмір сүруге сенімін қалыптастырып, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын –алу мақсатында ұйымдастырлыған шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы академиялық доценті  Сәндігүл Құлаханқызы қатысып «Өмірге деген құштарлықты арттыру» тақырыбында баяндама жасап, психолог мамандардың тренинг жаттығулары жүргізілді. Өмірге деген құлшынысты арттыруға бағытталған шара соңында жаза мерзімін өтеушілер   өмір сүрудің маңызы жайында бейнефильмдер тамашалап,шарадан  алған ерекше әсерлерімен бөлісті.
Қызылорда облысы
ҚАЖ департаменті  ЗК-169/5 мекемесінің
САТЖЖ бөлімінің
маман психологы
 Ш.Көлбаева
24 сәуір 2018 ж. 1 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031