Республикалық арнайы мониторингтік топ Сырдария ауданында болды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған Республикалық арнайы мониторингтік топ пен Агенттік өкілдері жұмыс сапарымен Сырдария ауданында болды.
Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері ауданда өткізіліп жатқан «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының салтанатты шарасына қатысты. Аталған марафон аясында С.Сейфуллин ауылынан бастап Тереңөзек кентіне дейін 100 адамнан құралған велошеру өткізілді. Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Бердалин Арман Тілектесұлы мен Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшесі, «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту бойынша халықаралық орталық төрағасының орынбасары Рахымбекова Салтанат Темірқұлқызы сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның туы Шиелі ауданына табысталды.
Марафон туын жеткізу үшін арнайы автошеру өткізілді. Әрі қарай арнайы мониторингтік топ Сырдария ауданы бойынша құрылған арнайы мониторингтік тобының мүшелерімен және аудан активімен, сонымен қатар қоғам белсенділерімен кездесу өткізді.