» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ СИПАТЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС 24 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ СИПАТЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС 24 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Берікбол Байхожаев мәлімдеді.
    2014 жылы Елбасының Жарлығымен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы қабылданған болатын. Осы Стратегияны жүзеге асыру мақсатында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2017 жылға арналған кешенді жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес парақорлықтың алдын алуға бағытталған 13 жоба іске асуда. Олар "Оқулық", "Тәрбие", "Ғылым", "Байқау", "Мақала", "Таспа", "Үгіт", "Театр өнері", "Музыка", "Әдебиет", "Мұражай", "Азаматтық бақылау" және "Ашық келісім" жобасы.
    – Бүгінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында түрлі нысаналы топтармен мыңнан астам кездесулер өткізілді. Нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс өткен жылдармен салыстырғанда біршама азайған, - деді Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Берікбол Байхожаев.
27 желтоқсан 2017 ж. 1 072 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930