» » ЖАСТАРДЫ ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАУ МІНДЕТ

ЖАСТАРДЫ ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАУ МІНДЕТ

  Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-202 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес облыстық ақпараттық түсіндіру топ мүшелерінің қатысуымен аймағымыздағы жоғарғы оқу орындарының жатақханаларында кездесу өтті. 
Ондағы мақсат діни экстремизмнің алдын алуда жастар арасында деструктивтік діни ағымдардың теріс идеологияларына қарсы иммунитиет қалыптастыру. Сәуір айының 10-ы мен 13-і аралығында «Болашақ» университеті, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің және «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының жатақханаларындағы студенттерге «Жоғарғы руханиятты қалыптастырудағы жастардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  
Кездесу барысында Облыстық ақпараттық түсіндірме топ мүшелері қоғамдағы дін мәселесінің аса маңызды тақырыптардың біріне айналып отырғанын айта келе, соңғы кездерде біздің елімізде де етек ала бастаған экстремистік пиғылдағы діни ағымдар жайында әңгімелеп, оларға қатысты нақты дәлелдерді ортаға салды. Діни экстремизмнің қоғамға келтіретін залалы сипатталып, түсіндірілді.

Ерқанат СӘРСЕНБАЙ,
«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының
Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы
23 сәуір 2018 ж. 832 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031