» » Жастарға жігер сыйлаған Жолдау

Жастарға жігер сыйлаған Жолдау

    Қармақшы ауданында «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу мақсатында Иіркөл және Жосалы ауылдық округінде жастармен кездесу болып өтті.
Елбасымыздың 10 қаңтар күні «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жастармен талқылау барысында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға кеңесшісі А.Татишов келген қонақтармен таныстырып, жалпы Жолдау төңірегінде мәлімет беріп өтсе, «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Нұрмағанбетова «Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші бағытына, яғни Білім берудің жаңа сапасына тоқталып, мұғалімдердің мәртебесі әрқашан да биік болатынын айтып өтті. Жастар тәжірибесін жинақтаушы, белсенді жас, бірлестік мүшесі Н.Әміралиева Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде Жастар ұйымдары зор рөл атқарады. Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі. Мысалы: теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанкұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағанадағы журналдар, фото суреттер, жарнамалар мұнын өзі келешек ұрпақтың мінез құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. Сонымен қатар есірткі мен алкогольді пайдаланудың алдын алудағы, бұл заттардың зияны туралы ақпаратты барлық деңгейде болу керек. Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауының алдын алуға байланысты баяндама жасаса толық қамтып өтті.
Шарада ауыл жастары жолдауды талқылауға ат салысып, Жосалы ауылдық округінің №199 мектеп директоры С.Жалғасбаева Жолдаудың жастарға берер мүмкіндігі өте көп, жастардың арасында жолдауды талқылау түрлі фарматта өткізіліп, тек жолдаумен тоқталмай басқада шаралар өткізіп, біздің жастардың қызығушылымен белсенділіг арттырып келесіз деп өз сөз кезегінде алғасын білдіріп өтті. Айқындалған он бағыт төңірегінде сұрақтар қойып, әр қайыссына жеке – жеке тоқталып өтіп, өз пікірлерін ортаға салды. Жастар алға қойған мақсаттары мен міндеттерімен бөлісті. Шара соңында бірлестік төрайымы А.Нұрмағанбетова еліміздің дамуының жаңа мүмкіндіктері соының ішінде жастардың мүмкіндіктері төңірегінде сөз қозғап, болашақ жастардың қолында екенін, жастардың мәртебесі әрқашанда биік болатынына сенім білдіріп, жастарға лағыс білдіре отырып, алдағы болатын қоғамдық жұмыстар мен іс – шарлараға үнемі белсенділік танытып ат салысуға шақырды.
27 сәуір 2018 ж. 933 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031