» » ЖАҢАЖЫЛДЫҚ БАС ШЫРШАНЫҢ ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

ЖАҢАЖЫЛДЫҚ БАС ШЫРШАНЫҢ ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

Орталық алаңда биіктігі 23 метр, ал ені 10 метрді құрайтын жаңажылдық бас шыршаның шамы жағылды.
    Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қала тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, 2017 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады.
    «2017 жыл біз үшін өзгерістерге толы берекелі де жемісті, жетістіктері мол мерейлі жыл болды. Өңірімізде  барлық сала бойынша  көрсеткіштердің оң динамикасына қол жеткізудің сәті түсті. Кейбір салалардың көрсеткіштері тіпті республика бойынша көш басында тұр деуге болады. Бес жыл қатарынан күріштен рекордтық өнім жинап келеміз, биыл бәрінен асып, жарты миллион тоннадан жоғары өнім алдық! Халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында қала тұрғындарының жайлы тұрмыс кешуіне ең қажетті ауыз су, газ тарту, жол салу секілді мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Біз сол жағалаудағы жаңа қаланың құрылысын бастап, алғашқы нысандарын салып үлгірдік. Келесі жыл да өңіріміз үшін осындай табысты болсын деп тілеймін!», - деді аймақ басшысы.
    Жаңажылдық шыршаны жағу Мағжан Ерәлиев, Сымбат Әбдірахманова, Қамшыбек Қоңқабаев және Назерке Шамбиловаға бұйырды. Естеріңізге сала кетейік, «Абзал және К» ТС бас директоры Мағжан Ерәлиев биыл «Алтын сапа» марапатын алды, жас ұстаз Сымбат Әбдірахманова «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жоба жеңімпазы атанды. Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Гамбург қаласында өткен ХІХ Әлем чемпионатының күміс медалін ұтып алды, ал байқоңырлық оқушы Назерке Шамбилова «Бала дауысы-2017» ұлттық балалар ән байқауының бас жүлдесін иеленді.
    Мерекелік іс-шара соңында концерттік бағдарламаға ұласты.
26 желтоқсан 2017 ж. 1 063 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031