» » 800 азамат әскери борышын өтеуге аттанды

800 азамат әскери борышын өтеуге аттанды

  ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері қатарына әскери қызметін өтеуге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайдыBNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда Отан қорғаушылар күні қарсаңында "Қазақстанның әр азаматының борышы – ел қорғау" акциясы болып өтті. Салтанатты шығарып салу кешіне Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Қарулы күштер бас штабының бастығы Мұрат Майкеев, ардагерлер ұйымы мен мемлекеттік органның өкілдері қатысты.
"Сіздер Отанымыздың жүрегі Астана қаласынан үлкен жауапты жолға аттанып бара жатырсыздар. Сіздерді алда Отан қорғау деген қасиетті борыш күтіп тұр. Әкімдіктің атынан осы бір сәтпен құттықтай отырып, алдарыңызға қойылған міндетті абыроймен атқарады деп сенемін", – деді Ермек Аманшаев.
Салтанатты іс-шараға жасөспірімдерге арналған клубтар мен үйірмелердің тәрбиеленушілері мен астаналық мектептің оқушылары шақырылды. Үш мыңнан астам көрермен жекпе жек ойындарын, кадеттердің вальсін, жарылғыш заттарды иіскеп табатын иттердің театрландырылған қойылымын тамашалады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жедел әскери қызметке көктемгі шақырылым толық көлемде жүріп жатыр. Әскери қызметке 1991-2000 жылы туылған азаматтар шақырылуда.
07 мамыр 2018 ж. 810 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031