Сапарбаев ақтөбелік анаға мереке қарсаңында естен кетпес тосын сый жасады (фото)

Жергілікті әкімдіктің мұндай сыйынан сарбаздың анасы хабардар болмаған. Сахнадан баласының видио сәлемдемесін қарап отырған ана ортаға шақырылды. Ал сахнадан гүлмен түсіп келе жатқан баласын көрген анасы жүгіре жөнелді.
Баласын құшақтап жылай берген ана әкімге алғыс айтумен болды. Әскерде жүріп, мерекесі қарсаңында анасының қасына топ ете қалған сарбаз да тосын сый туралы бүгін ғана естіген.

"Менің қуанышымда шек жоқ. Мерекеде анамды құшақтадым. Бұл мен үшін де күтпеген сый. Бүгін командир шақырып алып хабарлады. Мен Алматы облысы Қапшағайда алты айдан бері әскери борышымды өтеп жатырмын. Бізді қуантқан адамдарды Алла қуантсын", - дейді сарбаз.