ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жиынға аудандық білім бөлімі, ауданға қарасты барлық мектептің директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова жыл көлемінде түлектерді ҰБТ-ға дайындау бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде және оқушылардың деңгейін анықтау мақсатынгда өткізілген сынама тесттердің нәтижелерін баяндап өтті. Сонымен қатар, Ұлттық Бірыңғай Тестілеу – жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі екендігі, сондықтан да бұл маңызды жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарау керектігі жан-жақты талқыланып, аудан әкімі тарапынан нақты тапсырмалар берілді.