Шиеліде кәсіпкер спорт кешенін салып берді
Қызылорда облысы Шиелі ауданында жергілікті кәсіпкерлер өз қаржысы есебінен туған жерді түлету мақсатында түрлі жобаларды қолға алып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде Шиелі ауданының дамуына үлес қосып келе жатқан бірқатар азаматтардың бар екендігін айтуға болады. Сол азаматтардың осындай қолдауының нәтижесінде балалар бос уақыттарын спорт кешенінде өткізуге мүмкіндік алды. Тағы бір айта кетерлігі, меценаттардың көмегімен аудан орталығында 30 млн теңгеге аллея салынды.
Ауданда «Мектебіме тағзым» акциясы аясында да көптеген шаралар атқарылып жатыр», - деді аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов аймақ меценаттарының қатысуымен ауданда өткен «Туған жерге тарту» облыстық шара барысында. Айта кетейік, аудан кәсіпкері Ерболат Машрапин Алғабас ауылында құны 100 млн теңге тұратын спорт кешенін салып берді. Осындай игі істі Дәулет Жұмабеков те атқарды. Ал Ербол Жеңсікбаев аудан орталығындағы көп қабатты үйлердің сыртқы бөлігін әрлеуге қаржылай көмек көрсетті. Меценаттардың көмегімен аудан орталығында 30 млн теңгеге аллея салынды.