» » ӘКІМ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ӘКІМ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Шиелі аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Әшім Оразбекұлы «Рухани жаңғыру: жарқын болашаққа қадам» тақырыбында аудан жастарымен  кездесті.
Басқосуға түрлі салада жемісті еңбек етіп, аймақ дамуына үлес қосып жүрген белсенді жастар қатысты. Аудан әкімі жастар саясаты аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеп, жастарды ашық әңгіме алаңына шақырды. Жас буын жасқанбай түрлі сауалын қойып, әкімнің тұщымды жауабын алды. Жиын соңында жастар кездесуден алған әсерін өздерінің арнау өлеңдерімен жеткізсе, өнерлі жастар қара домбырасын қолға алып әкіммен бірге ән салды. Риясыз кездесу соңына аудан әкімі мазмұнды сұрақ қойған бір қатар жастарға қазақ елінің ұлы тұлғасы атанған М.Шоқай мен дүлдүл әнші Н.Бекежанов хақындағы кітабын сыйлап, ризашылығын білдірді.
Ынтымақ ҚАППАРОВ,
Шиелі ауданы.
15 желтоқсан 2017 ж. 1 360 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728