» » КӨРЕРМЕН КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН ҚОЙЫЛЫМ

КӨРЕРМЕН КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН ҚОЙЫЛЫМ

Афиша
   Өткен аптада Н.Бекежанов атындағы драма театрда халықаралық сыйлықтың лауреты Қуандық Қасымовтың режиссерлігімен Мұхамедқали Қасеновтың «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» комедиясы қойылды.
Бүгінде шаңырақ көтерген отбасының айырылысып кететін кездері жиі кездеседі. Шынында отбасы бірлігін сақтау, болған жағдайға төтеп беру жастар бойынан табыла бермейді. Оның басты себебі қызғаныш. Міне, жастар труппасы өмірде кездесетін өзекті мәселені тілге тиек етті. Сахнада отбасы өмірі, махаббат, айырылысу, ажырасқан қыздың тағдыры бейнеленеді. Спектакль ән мен биден бастау алды. Сосын бірін-бірі қызғанған жас жұбайлардың орынсыз қызғанышы әзіл арқылы көрсетілді. Отағасы Қасым Оспановқа келген телеграмма отбасы шырқын бұзды. Онда поездан күтіп алу керектігі жазылған. Ләззат есімді белгісіз бойжеткеннен келген телеграмма біраз ұрыс-керіске әкеп соқтырады. Достарына хабарласып, бойжеткеннің кім екенін білуге асықты. Алайда оны ешкім танымады. Ақыры, аяғы ауыр келіншек Зәуреш ажырасуға бел буды. Нәтижесінде Ләззат ауылдан қалаға оқуға келген қарындасы болып шықты. Осылайша отбасы арасында ушыққан дау-дамай орнына келеді.
Спектакльді жылы қабылдаған  қыран-топан күлкіге қарқ болып, қол соғып қошеметтеді.
Мөлдір САБЫРЖАН
23 мамыр 2018 ж. 1 084 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031