» » Ауа-райы: Жаңбыр сулы қарға ұласуы мүмкін

Ауа-райы: Жаңбыр сулы қарға ұласуы мүмкін

   Ақмола мен Павлодар облыстарына жексенбі күні жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын әкелген, суық арктикалық фронттар, республиканың шығысына, оңтүстік пен оңтүстік-шығысына қарай жылжуда. Сонымен байланысты алдағы тәуліктерде жаңбыр сақталады, шығыста түнде жаңбыр сулы қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қазақстанның батыс бөлігіне жылжып келе жатқан антициклон жауын-шашынды қысқа мерзімге тоқтатады. Антициклонның орнына, Орал аудандарынан келе жатқан суық фронттардың кезекті жүйесі келеді.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында ауа райы жағдайының күрт өзгеруі сақталады. Солтүстік облыстарда қайтадан жаңбырдың сулы қарға ауысуы, үсік болуы мүмкін, оңтүстікте өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.
28 мамыр 2018 ж. 1 006 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031