» » Головкин бір белбеуінен айырылуы мүмкін

Головкин бір белбеуінен айырылуы мүмкін

   Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 33 КО) командасы мен украиналық Сергей Деревянченконың (12-0, 10 KO) өкілдері таяу уақытта кездесіп, IBF тұжырымы бойынша міндеттелген жекпе-жек мәселесін талқылайды.
  Бұл ткһуралы Tengrinews.kz BoxingScene.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.
  Осыған дейін IBF ұйымы Головкинге белбеуді қорғайтын мерзімді 3 тамызға дейін айтуы тиіс деген шарт қойған еді. Олай болмаған жағдайда қазақстандық боксшы белбеуінен айырылады.
  GGG промоутері Том Леффлер ұйым өкілдерінен тағы біршама уақыт сұрауды көздеп отыр, себебі Головкин күзде Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жек өткізуді жоспарлаған.
  Головкин - Деревянченко жекпе-жегіне қатысты тыңдалым 22 мамырда жергілікті уақыт бойынша Нью-Джерси штатында Ньюарк қаласындағы қонақүйлердің бірінде өтеді. Украиналық боксшының промоутері Лу ДиБелла, менеджері Кит Коннолли, Деревянченконың өзі және адвокаты болады. Ал қазақстандық боксшы адвокатын және Леффлерді алып барады. Осыған дейін Деревянченко Головкиннің промоутерін алаяқ деп атап, қазақстандық боксшыдан өз міндетін орындауды талап ететінін айтқан.
  Осыған дейін, Головкин 5 мамырда америкалық Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 КО) жекпе-жекке шығу үшін, яғни IBF тұжырымы бойынша міндеттелген қарсыласпен кейінірек кездесуі үшін 20 мың АҚШ долларын бергені айтылады.

kaz.caravan.kz/
28 мамыр 2018 ж. 1 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031