Головкиннің промоутері Деревянченкодан бас тартты

«Головкин 5 мамырда бокстасқысы келеді. Мен мұны өткізу үшін барымды саламын. Геннадий 5 мамырда Сергей Деревянченкомен жұдырықтаспайды. Егер Деревянченко келесі жекпе-жекке дейін күтер болса онда оған еш зақым келмейді. Деревянченкомен жекпе-жекке қарсы емеспіз, бірақ міндетті түрде белгілеп... Мұндай кездесулер дұрыс жүргізілуі тиіс. Біз оны қалай іске асырсақ солай жақсы болады», - деді Леффлер.
Ол GGG-дің 5 мамырға жоспарланған жекпе-жегі туралы нақты мәлімдеме 18 сәуірге дейін белгілі болатынын айтты.
«Головкиннің келесі жекпе-жегі шешілген соң сіздерге анонс береміз. Әзір ештеңе анықталған жоқ. 18 сәуірге дейін күтейік, сол кезде 5 мамырдағы жекпе-жек пен қыркүйектегі IBF туралы айта аламыз. Дәл қазір көп сұраққа жауап бере алмаймыз, дегенмен апта ортасына дейін біраз сұрақтың жауабы белгілі болады деп ойлаймын», - деді ол Boxingnews24.com-ға.
Еске сала кетсек, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткен соң ол GGG-мен жұдырықтасудан бас тартты. Десе де 5 мамырға белгіленген жекпе-жек өтетін болды, бірақ қарсылас әлі нақтыланған жоқ.