» » Дүйсенбі несімен ерекше?

Дүйсенбі несімен ерекше?

  «Дүйсенбі» деген сөзді естіген кезде көпшілігіміздің көз алдымызға аптаның бірінші күні жұмысқа асыққан адамдар мен мектепке бара жатқан балалар елестейді. Бұл күнді «Ауыр күн» деп те атайды. Тіпті «Бұл күні қарыз берсең, шығын көп болады, ал жолға шықсаң, сәтсіздікке ұшырайсың» деген сияқты жаман ырымдар да бар. Өз басым мұндай ырымның ешбіріне сенбеймін. Не үшін сенбейтінімді дәлелдеуге тырысайын...

Аптадағы күн атауларының мағынасы
Қазақ тілі қалыптаспай тұрып қыпшақ даласында апта күндері сабат күні (сенбі), йакшанбе (йак – бір, шанбе – сенбі), душанбе (ду – екі, шанбе – сенбі), сешанбе (се – үш, шанбе — сенбі), чоршанбе (чор – төрт, шанбе – сенбі), бешшанбе (беш – бес, шанбе – сенбі), айна (жұма) деп аталған. Ал қазақ тілі қалыптасып болғаннан кейін өзінің төл сөздерінен апта күндеріне атаулар берген. Олар былай аталады: бүгін (бірінші күн), ертең (екінші күн), бүрсікүні (үшінші күн), арғыкүні (төртінші күн), ауыр күн (бесінші күн), соңғы күн (алтыншы күн), азына (жетінші күн). Бүгінде бұл сөздердің кейбірін жиі болмаса да қолданып тұрамыз.
Қазіргі уақытта апта күндері дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі деп аталады. «Жұма» арабтың «бас қосу», «жиналу» сөзінен шықса, қалған апта күндерінің атаулары парсы тілінен енген. Әр күннің соңындағы «сенбі» сөзі «күн» деген мағынаны білдіреді. 

Дүйсенбі аптаның бірінші күні ме?
Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?Енді тақырыбымызға арқау болып отырған «Дүйсенбі»-ге толығырақ тоқтала кетейік. Көптеген елдердегідей, біз де дүйсенбіні аптаның бірінші күні деп қарастырамыз. Негізінде дүйсенбі араб, грек, иврит және португал тілдерінде «екінші күн» деген мағынаны білдіреді, сол себепті де бұл күн жер бетіндегі барлық елдерде аптаның бірінші күні емес. Мысалы, мұсылман елдерінде жұма, сенбі – демалыс күндері, ал жексенбі, дүйсенбі – аптаның бірінші, екінші күндері болып саналады.

Хадисте...
Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
Дініміз – мұсылман болғандықтан, апта күндері туралы исламда не айтылатыны бәрімізге қызық шығар. Мәселен, дүйсенбі туралы хадисте «Бұл күн саяхат пен сауда жасайтын күн» делінген. Аптаның басқа да күндеріне қатысты хадистерді оқып, саралап көрсеңіз, мұсылман үшін күнә, жамандық жасалған күн – жаман күн, ал сауапті, игілікті іс жасаған күн – жақсы күн болып табылады. Сол себепті «Дүйсенбіде маңызды істі қолға алмаған жөн», «Дүйсенбі – ауыр күн» деген сияқты нанымдарға сенбеңіз. 

Дүйсенбі туралы қызықты деректер
Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
Теледидардан қызықты бағдарламалар көру, киім-кешек дүкендерін аралау, сүйіктіңізбен махаббатпен айналысу, шоколад жеу және кезекті еңбек демалысыңызды жоспарлау – дүйсенбіге деген «өшпенділігіңізді» жоюға көмектеседі.

Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
Африка құрлығының батысындағы Гана мемлекетінің халқы аптадағы әрбір күн өмірге келген адамның тағдырына әсер ететіндігіне сенеді. Сол себепті де жарық дүние есігін ашқан сәбилердің есімін дүниеге келген күннің атауымен атайды екен. Мысалы, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жетiншi Бас хатшысы Кофи Аннанның «Аннан» деген есімі «жұма» деген мағынаны білдірсе, «Челсидің» танымал футболисті Майкл Коджо Эссьеннің «Коджо» деген аты «дүйсенбі» деген мағынаны білдіреді. Алысқа бармай-ақ, мұндай мысалдарды өз айналамыздан да келтіре аламыз. Арамызда жүрген Дүйсенбей, Сәрсенбей, Бейсенбай, Жұматайлардың есімдері тектен текке емес, дәл осы күні өмірге келгендіктен солай аталған шығар?! 

Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
Сенбі, жексенбіде күн тәртібі бұзылып кететіндіктен, жер бетіндегі адамдардың жартысынан көбі дүйсенбі күні ұйқыларынан әрең оянып, жұмысқа 1-2 минут болсын кешігіп барады екен.
21 шілде 2018 ж. 1 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031