» » КТК телеарнасының операторы із-түссіз жоғалып кетті

КТК телеарнасының операторы із-түссіз жоғалып кетті

  Алматыда КТК телеарнасының операторы Олжас Белгібаев із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жоғалған ер адамның әкесі хабарлады. Жақындарының мәліметінше, Олжас Белгібаев осымен бесінші тәулік іздестіріліп жатыр. Сенбі күні киноға кеткеннен сол күйі оралмаған. Досының айтуынша, Олжастың телефоны сөндірулі. Интернетке соңғы рет сенбіден жексенбіге қараған түні кірген. Олжас Белгібаевтің әкесі полицияға арыз қалдырғанын айтады. Ал әріптестерінің айтуынша, әлеуметтік желілерде хабарламалар жарияланып, іздестіру жұмыстарына еріктілер көмектесіп жатыр.

25 сәуір 2018 ж. 985 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728