Головкин бір жылда қанша табысқа кенелді?

Боксшы 12 айда 25 млн доллар табысқа кенелген. 23 миллионды Головкин мексикалық "Канеломен" және америкалық Ванес Мартиросянмен өткен жекпе-жегінде алса,тағы 2 млн жарнамадан түскен.Оның қарсыласы "Канело" 15-ші орынға жайғасқан. Спортшының табысы 44,5 млн доллар деп бағаланып отыр.
Тізімде АҚШ боксшысы кіші Флойд Мейвезер көш басына орналасты. Оның табысы - 285 млн доллар.
Алғашқы үздік ондыққа Лионель Месси, Криштиану Роналду, Неймар, Конор МакГрегор, ЛеБрон Джеймс пен Стефен Карри, Роджер Федерер кірген.