» » Ас үй интерьеріне арналған 10 кеңес

Ас үй интерьеріне арналған 10 кеңес

   Шағын ас үйді безендіруге шығармашылық тұрғыда қарап, әр нәрсесін жақсылап ойластырса, оны нағыз өнер туындысына айналдыруға болады.
1. Жарық көбірек болу керек
Қараңғы бұрыштар көрер көзге кеңістікті тарылтып тастағандай көрінеді. Сондықтан ас үй кең әрі жарық көріну үшін табиғи жарықтану мәселесін шешіп алған маңызды. Безендіруге ашық түсті таңдаңыз.
2. Жылтыр және айналы беттер
Жылтыр қасбеттерді (фасад) пайдалану арқылы сіз тар ас үйдің өзін визуалды түрде кең етіп көрсете аласыз. Ас үйде айналы беттер тіпті ерекше көрінеді. Бөлменің пішіні мен өлшемін өзгертіп көрсетуге көмектесетін кез келген шағылыстыратын бөліктер орынды және соңғы шешім болмақ.
3. Түстер гаммасын ойластыру
Ас үй бөлмесін сүйікті реңмен қорықпастан безендіре беруге болады. Бірақ есіңізде болсын, үш-төрт түстен артық реңді пайдаланбаңыз. Әйтпесе дизайнның негізгі идеясы «жоғалып кетуі» мүмкін.
4. Жарықтандыруды кемшіліксіз жасаңыз
Ас үйді жарықтандырудағы ең басты қағида –  көп деңгейлілік. Демек, әрбір функционалды аймақ өзінің жарық көзімен жабдықталуы қажет. Әйтпесе ас үй қараңғы әрі жайсыз болады. Ас үйді жалпы жарықтандырудың ең сәтті шешімі – төбенің қақ ортасындағы бір люстраның орнына шамдалды пайдалану.
5. Терезе алдындағы аймаққа назар аударыңыз
Көптеген ас үйде терезе орнатылған қабырға пайдаланылмайды. Мәселе міндетті түрде терезенің астына орнатылатын батареяда. Батареяны «жауып тастайтын» ең қарапайым әрі тиімді әдіс – бос кеңістікті толықтай пайдалану. Торламаны металлпрофильден жасап, бәрін гипсокартонмен тартып тастау керек. Осылайша қабырға жинақы көрінеді.
6. Сақтау жүйесін ойластырыңыз
Ас үй кеңістігін сауатты ұйымдастыру – ретсіздіктен қашып, бөлмені кең, ең бастысы, жайлы етудің жалғыз амалы. Сақтау жүйесін ойластыру арқылы күнделікті пайдаланатын ыдыс пен құралды қалай алатыныңызды қайта қарастырыңыз. Бұрыштағы шкаф, ашық аспалы сөре, контейнер мен органайзердің барлығы сізге осы мәселені шешуге көмектеседі.
7. Ықшам орнатылған техниканы таңдаңыз
Алтын уақытты үнемдеуге техника көмектеседі. Сол кезде сіздің бос үстел беті сияқты қосымша жұмыс кеңістігіңіз болады. Сіз ас пісіретін пешті және ыдыс жуатын машинаны таңдау арқылы ас үйіңізді ықшамды ете аласыз.
8. Жиһазды тапсырыспен жасатыңыз
Егер ас үйіңізге әдеттегі жиһазды орналастыру мүмкін болмаса, ерекше шешім қабылдаудан қорықпаңыз. Ондай шешімнің бірі – жиһазды тапсырыс беріп жасату. Шкафтың ені мен биіктігін өзіңіз реттей отырып, жиһазды жайлы орналастырып, кеңістікті тиімді пайдаланасыз.
  9. Мультифункционалды гаджеттерді іздеңіз
Қазіргі ас үйде сән мен жайлылық үйлесім табуы керек. Бұған мультифункционалды гаджет көмектеседі. Олар ақшаны ғана емес, пайдаланылатын кеңістікті үнемдеп, ас пісіруді қызықты әрі көңілді етеді.
10. Ыдыс-аяқ таңдауға ерекше назар аударыңыз
Ас үй интерьерінің әсерін көбінесе ыдыс-аяқ анықтайды. Әртүрлі пішін мен түс арманыңыздағы ас үйді жасауға көмектеседі. Ыдыстың бірнеше түрі болғаны дұрыс. Сонда сіз сәнді сақтап қаласыз, әрі бірсарындылықтан жалығып кетпейсіз. Алабажақ емес ашық түсті ас үйде ашық, біртүсті сервиздер ерекше әрі тартымды көрінеді.
07 маусым 2018 ж. 1 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930