» » СІЗГЕ АРНАЛҒАН ЖОРАМАЛ

СІЗГЕ АРНАЛҒАН ЖОРАМАЛ

  (7-13 маусым)
ТОҚТЫ
 Сіз үшін сәтті апта болмақ. Басыңызға түскен қиындықты өзіңіз ғана шеше аласыз. Ешкімге арқа сүйемеген дұрыс. Өз ойыңызды жүйелеп іске асырыңыз.
ТОРПАҚ
Өзіңіздің өмірлік қағиданыздан бас тартпаңыз. Апта барысында қандай да бір мәселеде батыл қадам жасаудан қашпаңыз. Бәрі сіз қалағандай болады.
ЕГІЗ
Апта қызығы мен шыжығын өзімен бірге әкелмек. Алайда бәрі өз қолыңызда. Айналада болып жатқан жағдайды сабырмен қарсы алыңыз. Аптаның ортасынан бастап жұмыс реттеліп, көңіліңіз жай табады.
ШАЯН
Көп жұмыс істейсіз, қызмет барысында кей құпияларды сақтауға тура келеді. Ірі кәсіпорын, мерекелік кеш пен ойын сауық үшін қолайлы уақыт.
АРЫСТАН
Ешкімге соқтықпай тыныш тірлік еткен жөн. Сыншы көз аз болған сайын, ісіңіз ілгері басады. Жұмыс орныңызда ешкімге килікпеңіз. Бар күш-жігерді жайлылық табуға бағыттаңыз.
БИКЕШ
Дүйсенбіде сізді ерекше қуанышқа бөлейтін оқиға болады. Табандылық пен батылдылықың арқасында өз мүддеңізді қорғап шығасыз.
ТАРАЗЫ
«Өмір өткелдерден тұрады, оны өжеттер ғана бұзады» дегенді естен шығармаңыз. Мақсатқа жету қашанда оңай емес. Қай істе де сабырлылық сақтаңыз.
САРЫШАЯН
Бұл апта болашақ жоспар құрып, алға ұмтылуға қолайлы уақыт. Мықты да сенімді дос табасыз. Достың саны көп сапасы аз болмасын.
МЕРГЕН
 Апта ортасында көңіл-күй ерекше болмақ. Тіпті өмірде мүмкін емес нәрсенің өзі орын алуы мүмкін. Қиялға қанат қағып, таңғажайып сезімде боласыз. Жақында туындаған бір мәселе шешім тапқалы тұр.
ТАУЕШКІ
Жіберген қателіктерді ретке келтіріп, ренжіткен адамдардан кешірім сұраған абзал. Жаңа істі бастамас бұрын ой елегінен өткізіп, дос-жаранмен ақылдасып шешіңіз.
СУҚҰЙҒЫШ
Аяқ астынан бастаған ісіңіз сәтті болмақ. Бүгін қарыз беріп, ұнамайтын адамдардан сақтанудан өзіңізді жаңа қырыңыздан көрсетуден қорықпаңыз.
БАЛЫҚ
Өткенді өзгерту қолыңыздан келмесе де, оған деген көзқарасты өзгерте аласыз. Ақылды емес, жүрегіңізді тындаңыз. Сонда ғана жаңа мүмкіндікке жол ашылады.
07 маусым 2018 ж. 1 723 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930