Апталық жұлдыз-жорамал
(31 мамыр-6 маусым)
ТОҚТЫ
Ешкімнің қолдауынсыз қиын жұмыстың шешімін табасыз. Сіздің тың идеяныз тығырықтан шығуға көмектеседі. Бастысы, аз қаржы жұмсаңыз.
ТОРПАҚ
Қай істе болмасын асығудың қажеті жоқ. Оның орнына ойланып, әр істі ой елегінен өткізген дұрыс. Жұлдыздар денсаулыққа көңіл бөлуге кеңес береді.
ЕГІЗ
Апта жақсы басталады. Ойын-сауық кештерге барып, уақытты қызықты өткізесіз. Отбасыңызда қиындық орын алады. Абыржымаңыз. Апта соңында бәрі ретке келеді.
ШАЯН
Жұмыста, жеке өмірде тың өзгерістер орын алады. Апта соңында алыс сапарға шықпаған жөн. Сенбі және жексенбі күні отбасыңызбен бірге болыңыз.
АРЫСТАН
Үміт артқан адамнан көңіліңіз қалады. Алайда апта барысында жаңа жұмыс бастап, жетістікке жетесіз. Кей қиындықты уақыт еншісіне қалдырған жөн.
БИКЕШ
Байқағыштық қасиетіңіз болмаса да, алдыңызда қасқайып күтіп тұрған қиындықты оңай шешесіз. Құдды жаныңызда періште көмектесіп жүргендей әсерде боласыз.
ТАРАЗЫ
Өзіңізді техникалық жабдықтан аулақ ұстаған абзал. Кешкі уақытты таза ауада серуендеп өткізіңіз. Табиғат аясында өмірден ләззат алыңыз.
САРЫШАЯН
Сүйіктіңіз сізден бұрынғыдан да екі есе көп көңіл бөлуді талап етеді. Ұсақ-түйек нәрсеге бола бас қатырмай, ең маңыздысымен айналысыңыз. Сүйген адам мінезіңізге көнген адам екенін ұмытпаңыз.
МЕРГЕН
Ескі достармен кездесу – өткенге құрмет көрсетудің бір белгісі.Қызықты және тағдырды шешетін кездесулер күтеді. Сенбіге маңызды кездесу жоспарламаған жөн.
ТАУЕШКІ
Адамның жаман қасиетіне назар аудармаған жөн. Достарыңыздың арасында бірқалыпты болғанмен, отбасыңызда түсініспеушілік орын алуы ықтимал.
СУҚҰЙҒЫШ
Апта жақсы жаңалықтармен басталады. Қаржы жағынан қиындықтар тууы мүмкін. Ақшаны үнемдеп жұмсаңыз. Жақындардан да көмек болмай әбігерге түсесіз, бірақ бəріне түсіністікпен қарау керек.
БАЛЫҚ
Ойдағы қыруар қарыздан құтылуды уайымдап, бойды күйзеліс меңдеп кеткені анық. Мұнша психологиялық қысым түсірмей, тиісті орынға барып, жағдайды түсіндірген абзал.