» » САЛА ҮЗДІКТЕРІ СЕРТИФИКАТ ИЕЛЕНДІ

САЛА ҮЗДІКТЕРІ СЕРТИФИКАТ ИЕЛЕНДІ

   Н.Бекежанов атындағы қазақ музы­калық драма театрында медицина қыз­меткерлерінің кәсіби мерекесіне ар­нал­ған салтанатты шара өтті. Онда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев  тұрғындар саулығын сақтауда аянбай еңбек етіп, медицина саласының дамуына үлес қосып жүрген дәрігерлер қауымын құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Әлемде қанша мамандық болса, бәрінің маңы­зы зор. Әйтсе де, адам жанының ара­шашысы болған ақ халатты абзал жандардың орны ерекше екені даусыз. Денсаулық – адам­ның баға жетпес байлығы. Осы орайда Сырдағы денсаулық сақтау саласында нәти­желі істер атқарылып, же­тіс­тіктерге қол жет­кіздік. Салаға зама­науи технологияларды енгізуге, мате­риалдық-техникалық базаны күшейтуге, профилактикаға көңіл бөлінуде. Қаржы­ландыру көлемі соңғы бес жылда 30 процентке артты. Соңғы үш жылдан бері қажетті медициналық мамандықтар бойын­ша резидентураға гранттар бөлініп жа­тыр, биыл 25 грант бөлінді. Сонымен қатар, биылдан бастап орта мектептер мен медициналық колледждердің үз­дік бітірушілеріне облыс әкімінің арнайы гранты тағайындалып отыр. Мамандарымыз Корея мемлекетінде және Ресей, Татарстанның республикасының Қазан қаласында білімін жетілдіруге, Қытай, Австрия, Ресей мамандарымен тәжірибе алмасып, озық технологияларды енгізуге мүмкіндік алып отыр,–деп атап өтті облыс әкі­мі.
Одан бөлек, «Цифрлық Қазақстан»  мем­­­­лекеттік бағдарламасы бойынша са­ла ме­дициналық ақпараттық жүйе­мен 100 про­цент  қамтылса,    цифрлық технологияларды енгізуге, компью­терлендіруге жергілікті бюджеттен осы жылы 365 млн теңге бө­лінген. Сонымен бірге мемлекеттік-жеке­меншік әріп­тестік қарқынды дамуда. Өткен жылы 4 жоба іске асырылса, биыл жалпы құны 14 млрд  теңгені құрайтын 28 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Атқарылған шаралар нәтижесінде жал­пы өлім-жітім 4 процентке, оның ішінде нә­рестелер өлімі 41,2 процентке, қатерлі ісіктен 22,8 процентке, туберкулезден өлім-жітім 2 есеге азайған.
Салтанатты шарада облыс әкімі бірқатар сала қызметкерлерін марапаттап, Құрмет гра­мотасын, Алғыс хат, «Еңбек ардагері» медалі мен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерін табыстады.
Жыл қорытындысы бойынша үздік дәрі­герлер анықталып, оларға 500 мың теңгенің сертификаты берілді.
Шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Айнұр БАТТАЛОВА
17 маусым 2018 ж. 813 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930