» » Головкин жекпе-жектегі стилін өзгертуі мүмкін

Головкин жекпе-жектегі стилін өзгертуі мүмкін

  Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес өзінің шәкіртінің алдағы мексикалық Сауль Альвареспен болатын жекпе-жегінде бокстасу стиліне өзгерістер енуі мүмкін екендігі туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
«Хулио Сесар Чавес бір стильмен жүзден аса жекпе-жек өткізді және ол ең мықты мексикалық боксшы. Головкин алдағы жекпе-жекте бірден шабуылға шығып, қарсыласын нокаутқа түсіру жолын ұсынбақ. Біз тағы да бірінші жекпе-жектегі сияқты жеңіске жететін боламыз», - деді Санчес. «Канело» мен GGG екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Еске салайық, Головкин мен Альварестің промоутерлері алғашында айқастың болмайтынын растаған еді. Алайда, кейін қайта келісім жүргізіліп, бәріне тиімді шешім қабылданды. Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді.

23 маусым 2018 ж. 1 021 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031