» » Синоптиктер 26 маусымға арналған ауа райы болжамы қандай?

Синоптиктер 26 маусымға арналған ауа райы болжамы қандай?

    Атмосфералық фронталы бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.  Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды. Кей жерлерде жауын жауып, жел күшейеді, тіпті бұршақ жаууы да мүмкін. Елдің батысында ғана күн ашық болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының бірқатар бөлігінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай, Қарағанды облыстарының бірқатар аймақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Алматы, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында жел секундына 15-22 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында ыстық, кей жерлерде қатты ыстық болады. Маңғыстау, Атырау облыстары мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі туындайды.


26 маусым 2018 ж. 1 023 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031