«Ақмешіт жастарын» қызыға оқимын

Нұрмұхаммед Өмірзақ, Вайн жеңімпазы:
Өмірзақ Нұрмұхаммед Əділетұлы. Қорқы ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультетінде "Денешынықтыру жəне спорт" мамандығының ІІІ курс студенті.
– Жастар басылымын бұрыннан білген бе едіңіз? Әлде вайн арқылы таныдыңыз ба?
– Облыстық жастар басылымын бұрыннан білемін. Шынын айтсам екі жыл болды. Газеттің ішінде жастар алатын көп дүние бар. Қызыға тіпті жата-жастана оқуға болады десем артық айтқаным емес.
– Вайн жөнінде қайдан естідіңіз?
– EEQO инстаграм парақшасынан көрдім. Сосын бақ сынап көруге тырыстым. Ойлана келе, осы идеяны түсіруге ұйғардым. Ата-анамның, достарымның пікіріне құлақ түрдім.
– Сіз түсірген видеоролик үздік деп танылды. Жалпы түсіруге қанша уақыт кетті. Идея қайдан туындады?
– Видео ролик бір ай бұрын түсірілген. Байқамай өшіріп алдық. Осылайша қайтара түсірдік. Екі жұмыс болды. Десе де еңбек ақталды.
– Байқаудың шешімін қайдан білдіңіз және көрген кезде қандай сезімде болдыңыз?
– Байқаудың шешімін "Ақмешіт жастары" газетінің инстаграм парақшасынан көрдім. Қанша жастың арасынан топ жарып шығу кез-келген адамды қуандырады. Қатты қуандым. Байқау ұйымдастырған сіздерге алғысым шексіз.
– Өмірдегі басты ұраныңыз қандай?
– Құласаң тұр, басқаларға көрсет өзіңнің кім екеніңді.
– Адам қандай сипатымен сыйлы болмақ?
– Адам қанша көкке көтерілгенімен, топ етіп төменнен бір-ақ шығады. Өйткені әркім жеткен жеріне дейін барады, жығылған жерінде қалады. Атағыңа атың сай келсе ғана сыйлы боласың.
Сұқбаттасқан: Мөлдір САБЫРЖАН