«Қыз Жібек» мюзиклі Оңтүстік Кореяда сахналанды

Оңтүстіккореялық Тэгу қаласында өтетін фестиваль – әлемдегі жалғыз халықаралық мюзиклдер шарасы. Оған алғаш рет отандық кәсіби театр шақырту алды. Ұйымдастырушылар артистерден «Қыз Жібек» қойылымын қоюды өтінген, себебі спектакль қазақтың ұлттық бейнесін айқындайтын бірден-бір туынды.
Тэгу қаласында өткен мюзиклдар фестивальіне сегіз мемлекеттің театрлары қатысты. Осылайша оңтүстіккореялық көрермендер өз елінен шықпай-ақ өзге елдердің мәдениетімен танысуға теңдессіз мүмкіндік алды.
«Қыз Жібек» мюзиклы мен көрген туындыларға мүлдем ұқсамайды. Ерекше әрі керемет шығарма. Дегенмен көрермендер оны бірден қабылдамауы мүмкін. Тэгу қаласында өтіп жатқан шарадан соң оңтүстіккореялықтар қазақстандық туындылармен қызығушылық білдіре бастайтынына сенімім мол», - дейді Тэгу қаласы халықаралық мюзиклдер фестивалінің атқарушы директоры Пак Чонг Сук.
Опера, рок, қазақтың ұлттық музыкасы, каскадерлық трюктер. Бұл жанрдың барлығы «Қыз Жібек» мюзиклында көрініс табады. Реквизиттердің көп болғаны соншалық, Кореяға алдымен жүктер бөлек жіберілген. Сондай-ақ, қойылымның мәтінін ағылшын және корей тіліне аудару көп уақытты талап еткен.