ЧЕМПИОНДАР ӨТКІЗГЕН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

Əлем чемпионымен ойнаған 11 жасар Рыскелді Кенжебекке "Үздік ойын көрсеткені үшін" жəне 9 жасар Дания Жəдігерге "Ең жас ойыншы" номинациясы табысталып, жас спортшыларға облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімов марапаттады.
Тоғызқұмалақтан әлемді мойындатқан Əсел Дәлиева осы клубтың түлегі. Рухани жаңғыру аясындағы шара шеңберінде Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында Əсел Далиева мен Хəкімжан Елеусіновтің қатысуымен бір уақытта 80 ойыншымен шеберлік сабағы ұйымдастырылды.