Сырдария аудандық сотында қылмыстық іс электрондық форматта қаралды

Іс құжаттарын қарау барысында сотталушы А. Сырдария ауданы, Айдарлы ауылынан шығысқа қарай шамамен 3 шақырым жерде өсіп тұрған орман қорына кірмейтін ағаштар мен бұталарды, яғни сексеуілді заңсыз кесіп алып, мемлекетке 6013 теңге зиян келтірген. Сотталушы сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы өз кінәсінің қолда бар дәлелдемелеріне дау айтпаған, өз әрекеттерінің саралануына келіскен, және ол Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 629-1 бабы 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы өтінішхат мәлімдеген. Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 340-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есптік көрсеткіш мөлшерінде 60125 тенге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.