» » Қылмыстық жауаптылықтан медиациялық келісім нәтижесінде босатылды

Қылмыстық жауаптылықтан медиациялық келісім нәтижесінде босатылды

Байқоңыр қалалық сотында азамат Е.-ге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің, 3-тармағымен қылмыстық іс қаралды. Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Е. масаң күйінде пәтердің есігін бұзып кіріп, DVD, «Vitek», «Roter» тұрмыстық заттарын жасырын жымқырып, жәбірленуші К.-ге 34 385 теңге  шығын келтірген. Сотталушының бұл әрекеттері ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің, 3-тармағында тұрғын үйге заңсыз кірумен, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру деп сараланады. Сот процесінде жәбірленушілер мен сотталушылар ортақ бір мәмілеге келіп, араларында жасалынған медиациялық келісімді бекітуді сұрады.
Сот, ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің, 3-тармағымен айыпталған сотталушы Е.-ні ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сай жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатып, істі тоқтатуға қаулы етті. Қаулы заңды күшіне енбеген.

17 шілде 2018 ж. 875 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031