» » Медициналық ЖОО-ға түсетін талапкерлер қосымша емтихан тапсырады

Медициналық ЖОО-ға түсетін талапкерлер қосымша емтихан тапсырады

2019 жылдан бастап медициналық ЖОО-ға оқуға түсетін талапкерлер қосымша емтихан тапсырады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында мәлім етті. «Алдыңғы қатарлы шетелдік оқу орындарымен стратегиялық әріптестік жалғасуда. 2019 жылдан бастап медициналық ЖОО-да іріктеу үшін қосымша емтихан алу заңмен енгізіледі. Келесі жылдан бастап мемлекеттік грантпен оқыған барлық кадр үш жыл мемлекеттік медициналық ұйымдарда жұмыс істейтін болады», - деді Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында. Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау саласында кадрлар тапшылығы төмендесе де, бірқатар өңірде мамандар тапшылығы республикалық деңгейден жоғары болып отыр. «Мұның басты себебі өңірлерде жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының жеткіліксіз жүргізіліп жатуы. 2017 жылы жергілікті атқарушы органдар жас мамандардың 44%-ына ғана әлеуметтік қолдау көрсеткен болатын», - деді Елжан Біртанов.

17 шілде 2018 ж. 859 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031