» » Медициналық сақтандыру жүйесі келер жылы толыққанды енгізіледі

Медициналық сақтандыру жүйесі келер жылы толыққанды енгізіледі

«Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтармен ешкімнің шаруасы жоқ.
Соның салдарынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу кейінге шегерілді». Бүгін Үкімет отырысында осылай деген Елбасы жауапты министрлерді қатаң сынға алып, олқылықтардың орнын толтыруды міндеттеді. Мәселен, елімізде әлі күнге дейін өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдар нақты ресми тіркеуге алынбаған.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Министру я много раз говорил. Не болды? Тамара, айтшы? Әлде шаршадың ба мына жұмыстан?
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Бұл жөнінде біз үлкен жұмыс атқардық. 18 миллион азаматтың әлеуметтік статусын анықтап біттік. Ең бірінші, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар деген кімдер? Осыны анықтап, заңға енгізу керек. Себебі әркім әрқалай түсінеді. Соныңанықтамасын бергелі жатырмыз.
Таяқтың бір ұшы Денсаулық сақтау министрлігіне де тиді. Себебі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жүзеге асыруға тағы бір мәселе кедергі. Яғни денсаулық сақтау саласына электронды паспорт енгізілмеген. Сондай-ақ емдеу мекемелерінде компьютерлердің саны жеткіліксіз. Соған қарамастан, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін 2020 жылы емес, келер жылы толыққанды енгізу көзделіп отыр. «Оған дейін ауылдық жерлер ғаламтормен түгелдей қамтылып, медициналық мекемелер электронды үлгіде жұмыс істейді», – дейді жауапты сала басшылары.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Причина торможения реформы – проблема информатизации здравоохранения. До сих пор нет электронных паспортов здоровья, врачи ведут документацию на бумаге, модернизация на местах слабо обеспечивается компьютерами и доступом к Интернету. Вообще-то, это зона прямой ответственности акимов. Самые низкие показатели внедрения информационных систем – в медицинских учреждениях ВКО, в Актюбинской области – 37%, Астана – 31.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Расында, Нұрсұлтан Әбішұлы, денсаулық сақтандыруға көшу үшін біз міндетті түрде бүкіл медициналық ұйымдарды ақпараттандыруға көшіруіміз керек. Осы жылдың басынан бастап төрт өңірде біз қағазсыз денсаулық жүйеге көшіп жатырмыз. Бүкіл қағаздарды жойып, 120-дан астам қағаз формаларды жойып, тек қана электрондық формада жүргіземіз.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 
- Соның барлығын шешу үшін мен сендерді тағайындадым. Менің алдыма мәселе қоймай, мәселені шештім деп баяндау керек. Мәселе сонда.
16 ақпан 2018 ж. 658 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031