Халық санағы өтеді

«2018 жылдың қаңтар-маусымында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша өсу байқалды. Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 2017 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 100,5 пайызды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 15,9 пайызға ұлғайды. Облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 87 049 млн теңгені құрады. Нақты индекс көлемі 117,2% - ға өсті. 2018 жылдың қаңтар-маусымында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 228 050 шаршы метрді құрады және тұрғын үй құрылысына 11,5 млрд.теңге жұмсалды. Жолаушылар айналымы 9,1 пайызға өсті».
Сондай-ақ, департамент басшысы Мариям Жәдігерқызы 2019 жылғы Қазақстан Республикасы Ұлттық халық санағын өткізуге байланысты дайындық жұмыстарына да тоқталып өтті.«Ұлттық халық санағын өткізу уақыты – 2019 жылдың қазан айы болып белгіленді. 2019 жылғы халық санағы алдыңғы өткізілген санақтан айырмашылығы ақпараттық технология қолданылады. Басым көпшілігінде дәстүрлі әдіспен 30%- ғаламтор желісі арқылы және 70%- қолайлы-есептеуіш құрылғы (планшетті компьютер) арқылы өткізілуінде болып отыр», - деді М.Баекеева.