» » Apple корпорациясы iPhone X смартфондарын екі есе аз шығаратын болды

Apple корпорациясы iPhone X смартфондарын екі есе аз шығаратын болды

Қаңтар-наурыз айлары аралығында Apple корпорациясы шығаратын смартфондардың санын 40 миллионнан 20 миллионға дейін қысқартады. Себебі, iPhone X телефондарына сұраныс айтарлықтай төмендеген. Nikkei газетінің жазуынша, компания бұл туралы тауарды тасымалдаушыларға да айтып ескерткен.
Корпорацияның стратегиялық жоспарларын қайта қарауына аталған тауарға жаңа жыл қарсаңында АҚШ, Қытай және Еуропа елдерінде сұраныстың төмен болуы әсер еткен. Қараша айында аталған корпорация тапсырысты уақытылы орындап үлгермеген болса, бұл жолы керісінше қоймада дайын тауардың үлесі көп.
iPhone X тауарының аз шығуы корпорацияның серіктестерімен қарым-қатынасына да әсер етеді. Бұл Жапонияның Murata Manufacturing, Kyocera, Sony және TDK сынды компанияларына қатысты айтылып жатыр. Аталған компаниялар алып корпорацияға сенсорлар, камералар және батареялар жеткізіп отырады. Мұнымен қатар, iPhone 8 және iPhone 8 Plus смартфондарының өндіріс көлемі өзгеріссіз қала бермек. Қаңтар және наурыз айларында 30 млн дана шығарылатын болады. Естеріңізге сала кетсек, мерейтойлық iPhone X өткен жылдың 12 қыркүйегінде таныстырылған болатын. Ол жиегі жоқ OLED-экранмен жабдықталған.
30 қаңтар 2018 ж. 810 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031